Павлодар облысында өз тілін, мәдениетін және ежелгі түріктердің ділін сақтаған ұлт өкілдері 80-нен астам шара өткізді

АСТАНА. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Аймақта Түркітілдес халық жазбасының күндері шеңберінде 80-нен астам шара ұйымдастырылған.
None
None

Қолға алынған игі бастама Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің атсалысуымен өткен фестивальмен қорытындыланды. Достық үйінің «Достық» концерт залында өз тілдерін, мәдениеттерін және ежелгі түріктердің ділін сақтаған татарлар, башқұрттар, ұйғырлар, кабардин, балқар, түріктер, чуваштар, әзірбайжандар және қырғыздар тоғысты. Олар жиналған көпшілік қауымды ұлттық билерімен тамсандырды. Бұл туралы «Казахстанская правда» газеті 2013 жылғы 1 мамыр күнгі нөмірінде жазып отыр.

Мұсылман әйелдердің ансамблі және шараның меймандары Ақмола облысының «Көкше әуендері» ұлттық ансамблі көрерменді тәнті етті. С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың және түркітілдес этномәдени бірлестіктердің мұрындық болуымен Достық үйінің дәлізінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. Онда өркениет тарихындағы түркітілдес халық жазбасының рөлі және оның қазіргі мәдениет кеңістігіндегі орны туралы баяндалған.

Фестиваль соңында облыстық тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі Қабжан Еділбай туған тілдерін және мәдениетін дамытуға сүбелі үлес қосқандары үшін түркітілдес этномәдени бірлестіктердің мүшелерін алғысхаттармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.

Соңғы жаңалықтар