Павлодар облысында шағын және орта бизнестің белсенді субъектілері көбеюде

ПАВЛОДАР  ОБЛЫСЫ.  Қазанның  27-сі. ҚазАқпарат  /Вера Ливинцова/ - Өткен  жылдың   сәйкес кезеңімен  салыстырғанда,     биыл 9 айда     нарықта  белсенді  жұмыс істеп  отырған  шағын және   орта   кәсіпкерлік  субъектілерінің саны 2,9 пайызға артып  отыр.  
None
None

Статистика  департаментінің ақпараты  бойынша,  олардың саны    -29 200.   Оның ішінде 23 700 -   жеке кәсіпкерлер, 2 800 -   шаруа қожалықтары,  2 600 -   заңды  тұлғалар.   Шағын және орта бизнесте  жұмыспен  қамтылғандардың саны   13,7   пайызға   өсіп,   105 200   адамға  жетіп отыр.

Бірақ  та, қаңтар-қыркүйек  айларында шағын және  орта  бизнес   субъектілерінің   тауар   өндірісі мен  қызметтері,  өткен жылдың сәйкес  кезеңімен салыстырғанда  5,9 пайызға   азайып,   86,7 миллиард  теңгені  құрады.   Заңды тұлғалар 53,5  миллиард теңге соманың  өнімін    шығарса,  жеке кәсіпкерлер - 22,8 миллиард теңгенің,   шаруа қожалықтары -  10,4 миллиард теңгенің  өнімін  өндіріп  отыр.

Соңғы жаңалықтар