Павлодар облысында шағын және орта бизнестің даму жолында тұрған күрделі әкімшілік кедергілер жоқ

ПАВЛОДАР. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында шағын және орта бизнестің даму жолында тұрған күрделі әкімшілік кедергілер жоқ.
None
None

Аймақ әкімі Бақытжан Сағынтаев өткізген әкімшілік кедерілерді жою жөніндегі комиссияның кешегі мәжілісінде бұл туралы аймақтағы бизнес-ортаны жақсарту жөніндегі ЮСАИД жобасының атқарушысы Жанна Александрова мәлім етті.

«Кәсіпкерлермен жұмыс істейтін мемлекеттік мекемелерге мониторинг жүргізген біздің қоғамдық ұйым, олардың кәсіпкерлерге рұқсатнамалар берудің мерзімін қысқартуға әзірліктерін көрді», -деп атап көрсетті Ж. Александрова өз сөзінде.

Атап айтқанда, кедендік бақылау департаменті кәсіпкерлерге жеңілдік жасап отыр - бұрын 30 күн мерзімді құрайтын төлемдер мен аяқталмаған мәмілелер бойынша берешектердің жоқтығы туралы анықтама алынып тасталды.

Өз сөзінде Бақытжан Сағынтаев, жер телімдерін ресімдеу үшін құжаттардың өтуі мерзімін де едәуір қысқарту мүмкін болып отырғанын атап көрсетті. Анықтама қағаздардың саны қысқартылды, комиссия мүшелері нысандарды қабылдауға жедел шығып тұрады.

Өткен дағдарысты жылы бизнеске аударылған назар аймақтағы шағын және орта кәсіпорындардың санын 28 мыңға жеткізуге мүмкіндік беріп отыр. Олардың 23 400-і - жеке кәсіпкерлер, 2 800-і - шаруа қожалықтары. Шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыспен қамтылғандардың саны 4,5 пайызға артып, 98 500 адамды құрады. 2009 жылы олар 119,3 миллиард теңгенің өнімін шығарған, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 3 пайызға көп.

Соңғы жаңалықтар