Павлодар облысында су тасқыны жағдайы күнделікті бақылауға алынды

Қолданылған шаралар туралы төтенше жағдайлар департаментінің, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшылары, Павлодар қаласы, Баянауыл және Ақтоғай аудандарының әкімдері есеп берді, деп хабарлады аймақ басшысының баспасөз қызметінен.
ТЖД-нің жедел штабы қардың еруін күнделікті бақылау үстінде. Жедел елеудің құрылған тобында 44 адам мен 13 техника бірлігі бар. Гидротехникалық құрылғылары бар аудандарда олардың қауіпсіз пайдалануы бойынша шаралар дайындалып, тасқынға байланысты комиссиялар құрылды.
Облыста қардың күрт еруі кезінде су басуы мүмкін учаскелерде орналасқан 75 елді мекен есепке алынды.
Облыс әкімінің, қалалар мен аудандық әкімдіктердің сақтаулы қорында ТЖ-ды жоюға 501 млн. астам теңге, күттірмейтін шығындарға 226 млн. теңге қарастырылды.
Е.Арын төтенше оқиғалардын алдын алу үшін қызметтерге жағдайды мұқият бақылауды тапсырды.