09:57, 14 Қараша 2012 | GMT +5
Павлодар облысында тағы 25 жоба 1,5 млрд. теңге сомасында мемлекеттік қолдау алады
ПАВЛОДАР. 14 қараша. ҚазАқпарат - Павлодар облысының аймақтық үйлестіру кеңесі кәсіпкерлер жеңілдік қаржыландыру алатын 25 жаңа бизнес жобаны мақұлдады.
Мақұлданған жобалардың спектрі аумақты: бұл жүк тасымалдары мен сүтті қайта өңдеу, пластик құбырлары мен шыны пакеттерін өндіру, көлік құралдарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу, білім және стоматология саласындағы қызмет көрсетулер, полиграфия және ауыл шаруашылығы.
Жобалар «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының бірінші бағыты - несиелерді субсидиялау және кепілдендіру, сондай-ақ үшінші бағыты - «Кәсіпкерлердің валюталық қауіптерін төмендету» бойынша мақұлданды.
Үшінші бағыт бойынша «Ресей Жинақбанкі» АҚ-«Кэмми» ЖШС-нің 71 жаңа жұмыс орны құрылатын макарон өнімдерін шығару жобасы мақұлданды.