Павлодар облысында туберкулезге шалдығу көрсеткіші төмендеуде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысында туберкулезге шалдығу көрсеткіші төмендеуде, деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасынан.
None
None

«Өңірдің Павлодар және Ақсу қалаларында амбулаторлық емдеуде жүрген туберкулезбен ауыратындарға арнап тегін асханалар ашылды. Бұл елдің осы өңірінде ғана қолға алынған шара. Павлодардағы асхана 70, ал Ақсудағы 40 орынға шақталған» - деді денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Нұрлан Қасымов.

Н. Қасымовтың сөзіне қарағанда, асхана маңында туберкулезге қарсы мекемесінің маманы жүргізетін терапиялық бақылау пункттері ұйымдастырылған. Науқастар үнемі ақ халаттылардың бақылауында.

Облыстың бас дәрігерінің пайымынша, емделу барысында төленетін ай сайынғы сегіз мың теңге көлеміндегі жәрдемақының орнына Екібастұзда да науқастарға арнап асхана ашу қажет. Туберкулезге шалдыққанда дұрыс тамақтану керек.

Шамамен барлық аудандарда туберкулезге шалдыққан науқастарға 4-тен 6 АЕК-ке дейінгі ай сайынғы материалдық көмек төленеді. Ертіс және Ақтоғай аудандарында науқастарға жылына 30-35 мың теңге бөлінеді.

«Қайта ұйымдастыру және профилактикалық шараларының арқасында туберкулезге шалдығу көрсеткіші ағымдағы жылдың І тоқсанында өткен жылғымен салыстырғанда 13,1 пайызға төмендеді», - деді Н.Қасымов.

Осылайша ауруға шалдығу бойынша республикалық көрсеткіште Павлодар облысы 7-ші орыннан 11 орынға ығысты.

Соңғы жаңалықтар