Павлодар облысында тұрғын үй кезегінде 12 мыңнан астам адам тұр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жыл соңына дейін 165 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Құрылыс саласының қарқыны жоғары, былтырға қарағанда 120 пайызды құрайды. Ағымдағы жылы біз қаржыландырудың барлық көздері есебінен шамамен 165 мың шаршы метр тұрғын үй салуға ниеттіміз. Соның ішінде, 90 мың шаршы метрі жыл басынан бері пайдалануға берілді», - дейді Қанат Бозымбаев.

Облыс басшысының сөзіне қарағанда, бүгінгі күні үй кезегінде 12 мыңнан астам павлодарлықтар тұр. «Өңір өсіп жатыр, жаңа жұмыс орындары құрылып, басқа аймақтардан көшіп келушілер бар. Халық өсімі жақсы. Сондықтан олардың барлығында баспана болса дейміз. Бұл тұрғыдан алғанда Елбасының жақындағы «Нұрлы жол» Жолдауы бұл мәселені шешуге септігін тигізеді», - деді өңір басшысы.

Оның сөзіне қарағанда, Павлодар қаласында жоспарлы-ықшам аудандар құрылысына көшу қарастырылып жатыр. Онда тұрғын үйлерден басқа барлық әлеуметтік нысандар қамтылады. Жылу мен электр қуатының, сумен қамтудың қажетті шамасы де ескеріледі.

Соңғы жаңалықтар