Павлодар облысында үй тонауға қатысқан жасөспірімнің ата-анасы жазаланатын болды
Полицейлер үйді тонауда күдіктілерді екі сағаттан кейін анықтап, ұстады. Олар жәбірленушінің ауылдасы болып шықты. Олардың біреуі 25-те, екіншісі - 16 жаста. Тексеру кезінде олардан айғақ дәлелдер - жәбірленушінің жеке заттары алынған.
Тергеу барысында 25 жастағы ер адамның қылмысқа кәмелеттік жасқа жетпеген азаматты тартқаны анықталған. Енді оған қатысты ҚР ҚК-нің 132-бабының 4 бөлігімен сот алдындағы тергеу амалдары басталды.
Жасөспірімнің ата-анасына да кәмелеттік жасқа жетпеген азаматтың тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін заң алдында жауап берулеріне тура келеді. Олар екі жүз АЕК-ке дейін айыппұл төлеу қарастырылған ҚР ҚК 140-бабының 1-бөлігі бойынша жауапқа тартылады немесе 180 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылу не 60 тәулікке дейін қамауға алу жазасы кесілуі мүмкін.