Павлодар облысында волейбол командаларына 10 мың оқушыны тарту жоспарланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодардағы мектептердің волейбол командаларына 10 мың оқушы тартылатын болады. Бұл туралы мектеп волейбол лигасының үйлестірушісі Талғат Мамашев хабарлады, деп жазады pavlodarnews.kz.
None
None

- 2014 жылдың 9-14 маусым аралығында облыстық білім беру басқармасына қарасты дене шынықтырудан аймақтық оқу-тәжірибелік орталықтың ұйымдастыруымен Павлодар мемлекеттік педагогикалық институнының және Б. Ахметов атындағы педагогикалық колледжінің спорт залдарында волейболдан мектеп лигасының ақтық жарыстары өткен. Павлодар, Ақсу, Екібастұз қалалары мен Баянауыл, Ақтоғай, Ертіс және Павлодар аудандарынан келген 120 алтыншы сынып оқушысы алғаш рет волейбол алаңына шығып, бақтарын сынады, - дейді Т. Мамашев. Үйлестірушінің айтуынша, 2014-2015 оқу жылында волейболдан мектеп лигасының жарыстары жетінші сынып оқушылар арасында өткен. 1702 жас спортшыны қамтыған турнирге қала және аудандардан 85 команда қатысты. - Волейбол ойындарына барлығы 4972 оқушы шеберліктерін көрсетті. Бұл көрсеткіш жыл сайын мың жарым оқушыға ұлғаюда. Волейболдан мектеп лигасының ойындары алдағы уақытта 5-10 сынып аралығындағы оқушыларға спортпен жүйелі түрде айналысуға мүмкіндік береді, - деді Т. Мамашев.

Соңғы жаңалықтар