Павлодар облысында «Жемқорлыққа жол жоқ!» шарасы өткізілуде

ПАВЛОДАР. 1 мамыр. ҚазАқпарат - Павлодар облысында қолға алынған «Жемқорлыққа жол жоқ!» ақпараттық-насихаттық шара төңірегіндегі ақпармен кеше «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалының өкілдері БАҚ-пен бөлісті.
None
None

Партия мүшелерінің айтуларынша, өңірде ҚР Экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес агенттігінің және оның құрылымдарының басшылары бір ай бойы «Нұр Отанның» қоғамдық қабылдауларында жергілікті тұрғындармен жүздеседі.

Сондай-ақ, кәсіпкерлермен жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру бойынша ашық кездесулер жоспарланған.

Нұротандықтар партия мүшелерінің кірісі туралы «Өзіңнен баста», «Таза сессия» шараларының есептерін өткізу жұмыстарын да жалғастырып келеді.

«Нұр Отан» ХДП жемқорлыққа қарсы үздік плакат және БАҚ-тағы жемқорлықпен күреске негізделген үздік мақалалар бойынша ашық байқаулар жариялап отыр.

Соңғы жаңалықтар