Павлодар облысында жоғалған 4 жасар Темірланды екінші тәулік бойы іздестіруде

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Павлодар облысы Ақсу кентіндегі жағажайда жоғалған 4 жасар Темірлан Мұхтаровты іздеу жұмыстары әзірге еш нәтиже берген жоқ, деп хабарлады ТЖД баспасөз қызметкері Марал Сағынова.
None
None

Баланы құрлық пен суда 30 адам іздеп жатыр. Олардың алтауы жедел-құтқару жасағының қызметкері, олардың ішінде сүңгуірлер бар, Ақсу өрт сөндіру бөлімінің бес қызметкері, Ақсу ТЖБ екі қызметкері, сонымен қатар еріктілер. Олар өзеннің түбін және канал маңындағы аумақты тексерді.

Еске сала кетейік, бала ата-анасымен және бір топ балдырғанмен жағажайда болған. Ересектер оның жоғалғанын бірден аңғара қоймаған.

Соңғы жаңалықтар
Референдум