08:53, 21 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодар облысында Жол картасы бойынша 7 үлкен спорт нысаны жаңартылды
ПАВЛОДАР. Желтоқсанның 21-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында Жол картасы бойынша 7 үлкен спорт нысаны жаңартылды. «Шымыр» және «Толқын» жүзу бассейндерін, Екібастұз бен Павлодардағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерін, орталық стадион мен «Зеленая роща» шаңғы базасын жөндеуге 227 миллион теңге қаржы бөлінген болатын.

«Спорттық нысандарды жөндеу және қайта жаңарту жұмыстары олардың спорттық мүмкіндіктерін арттырып отыр. Осынау игі шаралардың арқасында, спортпен және дене шынықтырумен тұрақты айналысатын тұрғындардың қатары 140 мыңға дейін жетіп отыр», -дейді дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы Александр Шнейдмюллер.
Жол картасы бойынша спорт нысандарын жөндеу жұмыстары келесі жылы да жалғасын табады. Ол тізімге сегіз нысан кіріп отыр, олардың қатарында «Астана» мұз айдыны, «Жұлдыз» стадионы, «Юность» манежі, «Автомобилист» стадионының спорт залы бар.