Павлодар облысында Жол картасының орындалу барысын «Нұр Отанның» 260 бақылау қосыны қадағалады

ПАВЛОДАР.  Қазанның  31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ -   Павлодар облысында  Жол  картасының аясындағы  жобалардың  жүзеге асырылу  барысын    нұротандықтардың  260    партиялық  бақылау  қосыны   қадағалады.  Олар    мердігерлердің    келісімшарттарды     орындау  барысын  және   300 нысанда атқарылған   жұмыстардың сапаларын тексерді.
None
None

Бұл жайында  жұма күні   бағдарлама әкімшілерінің   есептері  тыңдалған партиялық бақылау комиссиясы мен   «Нұр Отан» партиясының  жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес  жөніндегі  кеңестің   мәжілісінде       мәлім етілді. 

Партиялық бақылау  қосындары     үлкен заңбұзушылықтар  анықтаған жоқ,   бірақ,       Павлодардың  қалалық білім  бөлімі  бастығының  орынбасары  Стелла Пятковскаяның   хабарлауынша,    мектептерді жөндеу  жұмыстарының   мерзімдері  бойынша ескертулер  бар.   Кейбір мердігерлер     жұмыстарын   белгіленген мерзімде аяқтай алмады  және    оларға  жалпы сомасы 3 миллион  теңгенің    айыппұлы  салынды.

Нұротандықтар мәжілісте  сондай-ақ,  Жол  картасын  2010   жылы     да     тиімді  жүзеге асырудың  жоспарын  талқылады.

Соңғы жаңалықтар