Павлодар облысында жұмыс күшіне кеткен шығыстар 145,4 миллиард теңгені құрады

ПАВЛОДАР. Тамыздың 13-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - 2009 жылы Павлодар облысында жұмыс күшіне кеткен шығыстар 145,4 миллиард теңгені құраған, бұл алдыңғы жылғы көрсеткіштен 6,5 пайызға көп, деп хабарлады облыстық статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Жұмыс күнінің құнына жалақы, әлеуметтік қамтуға жұмсалатын шығыстар, мәдени-тұрмыстық қызметтер мен қызметкерлерді оқыту, жұмыс берушінің басқа да шығыстары жатады.

Аталған шығыстың жалпы сомасындағы жалақының үлес салмағы былтырғы 12 айда 0,8 пайызға артып, 87 пайызға дейін жеткен. Ал әлеуметтік қорғауға жұмсалған шығыстар - 8,2 миллиард теңгені құраған, бұл жұмыс күшіне кететін жалпы шығыстың 5,6 пайызы.

Жұмысшыларға әлеуметтік қолдау көрсетуде әсіресе өңдеуші өнеркәсіп мен электрмен жабдықтау саласы белсенділік көрсетіп отыр, олардың көрсеткіші, сәйкесінше, 2,9 миллиард және 1,4 миллиард теңгені құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар