13:12, 02 Тамыз 2012 | GMT +5
Павлодар облысында «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы бойынша 44 ауылдық әлеуметтік нысан жөндеуден өтеді
ПАВЛОДАР. 2 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында кеше ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты жұмыспен қамту саясаты басқармасының бастығы Виктор Бусс «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасының төртінші бағыты бойынша жобалардың іске асырылуымен таныстырды.

Бұл жайлы өңір басшысының баспасөз қызметі хабарлады.
Аймақ ауылдарында 574 млн. теңгеге 44 жоба іске асырылады. әлеуметтік нысандардың жөндеу жұмыстарында 472 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
В. Бусс мәлім еткендей, байқаулық шаралар аяқталды, атқарылуы тиіс жұмыстарды орындау үшін мердігерлік ұйымдар анықталды. 24 жобада 93 млн. теңге игерілді, 85 жұмыс орны құрылды.
Нысандарда қоғамдық бақылау қосындары құрылды, олардың құрамында нұротандықтар, ауыл округтерінің әкімдері, халықты жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері бар.