Павлодар облысында жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар Мәскеуде ұсынылды

ПАВЛОДАР. 27 қыркүйек. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - 23 қыркүйекте Мәскеуде Павлодар облысының басымдықты инвестициялық жобалары мен экспорттық әлеуеті таныстырылды, деп хабарлады «Павлодар ӘКК» ҰК» АҚ-даy.
None
None

Оған ресейлік және қазақстандық бизнес өкілдері, ғалымдар, инвестициялық компаниялар мен банктер, дипломатиялық өкілдіктер қатысты.

«Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы Даниял Мұхамбетқалиев өз сөзінде Павлодар облысының ұлттық экономиканы дамытудағы рөлін айрықша атап көрсетті.

Таныстырылымға қатысушылардың пікірінше, ӘКК жұмысының негізіне алынған мемлекеттік-жеке әріптестік тетігі бизнестің бірлескен құрылымын жасауда ең оңтайлы болып отыр - ұлттық компания мәртебесі қазақстандық нарыққа кіру үшін әріптес таңдауда тәуекелдер азайтуды қамтамасыз етеді.

«Павлодар» ӘКК таныстырған көліктік-логистикалық орталықтың құрылысы және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағдарламасы жобаларының негізіне Қазақстанның, Ресейдің және Беларустың бірыңғай экономикалық кеңістігі алынды.

Мәскеуде өткен кездесу қазақстандық және ресейлік бизнес өкілдерінің арасындағы жаңа байланыстарды жолға қоюдың тиімді алаңы болды.

Соңғы жаңалықтар