Павлодар облысында жыл соңына дейін жаңа 3 зауыт іске қосылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысында жыл соңына дейін жаңа 3 зауыт іске қосылады. Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаев осылай мәлімдеді.
None
None

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, Павлодар арнайы экономикалық аумағын дамыту жұмыстары жалғасуда. Онда жоғары қосылған құн салығы бар өнімдер шығарылатын болады. Арнайы экономикалық аймақ аумағында қазірдің өзінде 17 млрд. теңге инвестицияны құрайтын үш кәсіпорын жұмыс істеп тұр. Олардың ішінде бұған дейін өңірде болмаған, мүлдем жаңа өнім болып табылатын дезинфекциялық дәрілер шығаратын кәсіпорын бар», - деді Қ. Бозымбаев.

Оның сөзіне қарағанда, ағымдағы жылдың аяғына дейін жалпы құны 23 млрд. теңгені құрайтын тағы 3 зауыт іске қосылады. «Осы зауыттардың барлығы табысты жұмыс істеуі үшін қазірдің өзінде қажетті инфрақұрылымдар, кедендік терминалдар мен электрмен қамту, темір жол желілері нысандары салынып жатыр», - деді әкім.

Соңғы жаңалықтар