Павлодар облысындағы фермалар мен жеке шаруа қожалықтары үшін шөп жеткілікті болады

ПАВЛОДАР. Тамыздың 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының шаруа қожалықтары қысқы мал азығына қажетті 616 мың тонна шөптің 72 пайызын дайындап қойды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы басқармасында.
None
None

Жем-шөп дайындайтын бригадалар 200 мың гектар аумақты алып жатқан жағалы көгалдарда жем-азық дайындауға кірісті.

Күнге күйіп кеткен дала аумақтарына қарағанда, жайылмалардағы бір гектардан 20 центнер шөп шабылады.

Мамандар тамыздың аяғында аймақтағы мал шаруашылықтары мен жеке аулаларға арналып жем-шөптің қажетті қоры дайындалатын болады деп сендіруде.

Соңғы жаңалықтар