10:01, 27 Ақпан 2010 | GMT +5
Павлодар облысындағы Қазақстан халқының бірлігі мен достығы
ПАВЛОДАР. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан халқы Ассамблеясының 15 жылдығына арналған «Бірлік пен достық апталығы» атты ғылыми-тәжірибелік конференция Павлодардың достық үйінде наурыздың бірінде аяқталады.
Қорында әлемнің 55 тіліндегі әдебиеттер сақталған облыстық кітапханада ашылған «Достық шоқжұлдызы» көрмесі Ассамблеяның мерейтойына арналды. Елімізде тұрып жатқан ұлыстардың мәдени мұраларын сақтау және мемлекеттің ұлттық саясаты туралы заманауи кітаптар қойылған.
«Замандас» деп аталатын ардагерлердің облыстық клубында Қазақстан халқы Ассамблеясы ақсақалдар алқасының мүшелерімен кездесу өтті.
Облыс орталығындағы Достық үйінде Ақсу және Екібастұз ұлыстық бірлестіктері жастарының апталығы ұйымдастырылды.
«Қайта өрлеу» неміс облыстық қоғамының мүшелері Железинка ауылында концерт қойды және өз қызметтері жөнінде әңгімеледі. Неміс диаспорасы ауданда қоғам филиалын ұйымдастыру туралы шешім қабылдады.