14:02, 17 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Павлодар облысындағы Көктөбе ауылында жаңа медициналық кешен ашылды
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Желтоқсанның 17-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Май ауданының Көктөбе ауылындағы жаңа аурухана-емхананың салтанатты ашылуы желтоқсанның 16-сында, ҚР Тәуелсіздік күніне орай болды.

Құны миллиард теңгеден асатын үш қабатты үйге заманауи жабдықтармен жарақталған он аурухана бөлімі, жедел жәрдем стансысы орналасқан. Ауылдық ауруханада бір мезгілде 75 сырқатты емдеуге жағдай жасалған. Гематологиялық, биохимиялық және иммундық-ферменттік құрылғылар зертханашыларға сағатына 200 сұрыптау жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік береді.
«Май ауданының тұрғындары қалалық емханалар деңгейінде заманауи мамандандырылған көмек алатын болады», - деді Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев. Аймақ басшысы «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойынша облыста салынып жатқан барлық нысандардың кестеге сай және сапалы тапсырылғанын атап өтті.