Павлодар облысындағы орман өртінде қайтыс болды деген 7 адамның біреуі аман қалды
Олардың ішінде 4 адамнан тұрған бір отбасы бар. Бүгін «Новости - Казақстан» ақпараттық агенттігінің тілшілері іле-шала Павлодардағы ауруханаға хабарласқаннан кейін, осы отбасының бір мүшесі - әйел азаматтың аса ауыр халде жансақтау бөлімінде жатқандығы анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Аурухананың дәрігері Асхат Мұрсалиевтің хабарлауынша, қазіргі кезде өрт кезінде қатты күйген әйел аса ауыр халде жатыр. «Ол жансақтау бөлмесіне жатқызылды. Дем алуы бірқалыпты», - дейді дәрігер. Павлодар облыстық әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметке сәйкес қыркүйектің 8-і күні басталған орман өрті кезінде 4 адамнан тұрған отбасы мәшинемен жанып жатқан қалың ағаштың ішінен шығуға тырысқан. Бірақ өрттің құрсауынан шыға алмай, үйдің отағасы және оның екі баласы мерт болды.
Бүгін осы оқиғаға байланысты Астанада өткен баспасөз мәслихатында Орман және аң аңлау шаруашылығы комиетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев барлық отбасы мүшелерінің қайтыс болғандығы туралы мәлімет таратқан болатын. Енді, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі шындыққа жанаспайтын ақпаратты таратқаны үшін кешірім сұрап отыр.