20:53, 12 Тамыз 2010 | GMT +5
Павлодар облысындағы орман шаруашылықтарында болатын өрттердің алды алынды
ПАВЛОДАР. Тамыздың 12-сі. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысындағы Баянауыл ұлттық саябағының, «Ертіс орманы» табиғи резерваты мен Максим Горький орман шаруашылығының орман алқаптарына кіруге тамыздың 11-інен бастап тыйым салынды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті мемлекеттік өрт қадағалау комитетінің бастығы Алексей Киселев.

Орман шаруашылықтарындағы өрттердің алдын алынуы күшейтілді, орман күзетінің автопатрульдері жасыл алқаптарды, «Ертіс орманы» резерватының аумағы мен ұлттық саябақты екі тікұшақпен бақылауға алды.
Облыста облыс әкімінің бірінші орынбасары Александр Вербняк басшылық ететін табиғи өрттерді сөндіру бойынша штаб құрылды.
РФ Омбы және Новосібір облыстары, Алтай таулары аймағымен шекара аумағындағы өрттерді сөндіруде біріккен күш пен құрал қолдану және өзара іс-қимыл жасау туралы келісімге қол қойылды.