Павлодар облысындағы жұмыссыздың деңгейі 4,8 пайызды құрайды

«Халықтың әл-ауқатын арттыру ретінде жұмыспен қамту шарасына да үлкен назар аударылады. Жыл басынан бері 9 мың 153 жаңа жұмыс орны ашылды. Жұмыспен қамтудың белсенді түрлері мен 17,7 мың адам қамтылған. Соның ішінде 5,7 мыңы - жастар. Жалпы облыстағы жұмыссыздық деңгейі 4,8 пайызды құрап отыр. Бұл- республикадағы ең төмен көрсеткіштің бірі», - деді Қанат Бозымбаев.
Әкімнің айтуына қарағанда, «Жұмыспен қамту жол картасы-2020» бағдарламасы шеңберінде 6 мыңнан астам азаматты жұмыспен қамтуға 4,1 млрд теңге бөлінген. 139 жаңа шағын бизнес субъектілері ашылып, 306 ауыл тұрғыны шағын несиеге ие болып, 300-ден астам тұрақты жұмыс орны құрылған.
«Павлодар облысы ақшалай табысы жағынан республикада орташа деңгейден жоғары аймаққа жатады. Жыл басынан халықтың нақты табысы 10,2 пайызға, орташа айлық жалақы 8,9 пайызға артты», - деді өңір басшысы.