Павлодар облысының әкімі ақын, жазушы және журналист Ғалымбек Жұматовты 60 жылдық мерейтойымен құттықтады

ПАВЛОДАР. 19 қазан. ҚазАқпарат - Павлодар жұртшылығы қазақтың танымал ақыны және жазушысы Ғалымбек Жұматовтың 60 жылдығын атап өтті.
None
None

Мерейтой иесін аймақ басшысы Ерлан Арын құттықтап, оған журналистиканы дамытудағы үлкен үлесі мен жоғары кәсібилігі үшін «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» белгісін табыс етті.

Ғ.Жұматов Ертіс ауданының Үлгілі ауылында дүниеге келді, Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады, облыстық «Қызыл ту» («Сарыарқа самалы») газетінде, одан кейін «Халық кеңесі» республикалық газетінің меншікті тілшісі болып жұмыс істеді.

Ақынның «Арман қанатында» атты бірінші жинағы 1980 жылы жарыққа шықты, қаламынан туындаған барлығы 20-дан астам кітабы бар. Ол сондай-ақ «Ана өсиеті» эссесінің, «Сағыныш сазы» ақындық жинағының, «Кемелді елдің Кемері» деректі повесінің, «Мәшһүр тағлымы» публицистикалық повесінің авторы болып табылады.

2007 жылы Ғ.Жұматов Павлодарда қазақ тілінде жарық көретін «Шаһар» газетін ұйымдастырып, басқарды, ал биыл облыс әкімінің бастамасымен құрылған «Найзатас» әдеби журналының редакторы болды.

Соңғы жаңалықтар