Павлодар облысының әкімі «Арадагерлер» шипажайында демалып жатқан адамдарды Қарттар күнімен құттықтады

ПАВЛОДАР. Қазанның 1-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Кеше, қыркүйектің 30-ы күні Павлодар олысының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Ардагерлер» шипажайында демалып жатқан соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесті.
None
None

Аймақ басшысы оларды Қарттар күнімен құттықтай келе, ардагерлерге қамқорлық таныту атқарушы биліктің басты міндеттерінің бірі деп атап өтті. «Сіздердің қолдарыңызбен Қазақстанның барлық байлығы жасалды, біз оны ешқашан ұмытпаймыз және сіздердің қалған өмірлеріңізде жақсы жағдай жасауға міндеттіміз», - деді облыс әкімі.

Әңгіме барысында әкім зейнеткерлердің сұрақтарына жауап беріп, шипажайға лифт орнату туралы өтініштерін орындауға уәде берді. «Павлодар үшін бұл айтарлықтай мәселе емес, қала ішінде жолаушыларды тасымалдау құралдарын құрастыратын бірлескен кәсіпорын бар», - деді Б.Сағынтаев.

Шипажай қарттарға арналып 10 жылдан астам бұрын ашылған болатын. Биылғы жылдың өзінде «Ардагерлер» шипажайында 700 еңбек және соғыс ардагерлері демалып қайтты.

Соңғы жаңалықтар