15:40, 07 Мамыр 2011 | GMT +5
Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР ІІМ Ішкі әскерінің 5512 әскери бөлімінде болды
ПАВЛОДАР. 7 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін ІІМ Ішкі әскерінің 5512 әскери бөлімінде болды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысына әскери техникалар, казармалар, әскерлердің асханасы, клуб таныстырылып, саптық дайындық көрсетілді.
Облыс әкімі әскерилерді кәсіби мерекелері және Жеңістің 66 жылдығымен құттықтай келе, олардың қаладағы қоғамдық тәртіпті сақтауға қосатын үлестерін атап өтті.