Павлодар облысының әкімі этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне гранттар табыс етті

ПАВЛОДАР. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев этномәдени бірлестіктердің басшылары мен белсенділеріне 20 грант табыс етті,
None
None

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдерін құттықтаған әкім, этноқұрылымдардың мәдени мұраны өркендетуге, қазақстандық патриотизмге баулуда, аймақтағы ұлтаралық келісімді нығайтуға мол үлесі қосып отырғандарын атап көрсетті.

Мемлекеттік ұлттық саясатты жүзеге асырудағы еңбектері үшін Татар-башқұрт мәдени орталығының төрағасы Минир Галлеев, «Айреник» армян қоғамы бірлестігінің өкілі Армен Ефремян, әзірбайжандық «Ватан» қоғамының белсендісі Эльмира Зейналова және «Украин мәдеиеті серіктестігі» кеңесінің мүшесі Леонид Рябинин облыс әкімінің Құрмет грамоталарымен аталып өтті.

Соңғы жаңалықтар