Павлодар облысының әкімі этномәдени орталықтарға гранттар табыс етті

аймақтық Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Бақытжан Сағынтаев этномәдени бірлестіктердің жетекшілеріне гранттар табыс етті, - деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметінен.
Жиналған қауымды алдағы мерекемен құттықтаған әкім, қоғамдағы тыныштық пен келісімнің арқасында Қазақстан гүлденген және келешегі кемел елдердің қатарынан орын алып отырғанын атап көрсетті.
«Сәуір айында өткен президенттік сайлау біздің ұлттық бірлігіміздің жеңісті сәті болды. Осы жолда Қазақстан халқы Ассамблеясы маңызды роль атқарды. Халықтың арасында үлкен құрметке ие болып отырған этномәдени бірлестіктердің қоғамдағы келісімді нығайтудағы еңбегі зор», -деді Бақытжан Сағынтаев өз сөзінде.
Павлодар облысында 20 этномәдени бірлестік пен олардың 60-қа жуық аудандық филиалы жұмыс істейді. Жыл сайын ұлттық өнер ұжымдарының мәдениет және өнер фестивалі өткізіліп тұрады. Ассамблеяның жастар қанаты үлкен патриоттық жұмыс жүргізуде. Сондай-ақ Павлодарда ұлттық өркендеу мектебі жұмыс істейді.