11:29, 24 Қазан 2012 | GMT +5
Павлодар облысының әкімі мен канадалық CanAgro Export Inc компаниясының президенті суармалы жерді игерудегі әріптестікті талқылады
ПАВЛОДАР. 24 қазан. ҚазАқпарат - Кеше Павлодарда өңір басшысы Ерлан Арын мен CanAgro Export Inc компаниясының (Канада) президенті Глен Келер суармалы жердің дамуында өзара тиімді әріптестікті талқылады,
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
Өңірде 2018 жылға дейін жасанды жер суаруды дамыту бойынша жоспар сәтті іске асырылуда. Өткен жазда суармалы алқаптар 4,2 мың гектарға көбейіп, 22 мың гектарға жетті.
Суару үшін заманауи құрылғыларға сұраныс артуда. Облыс аумағында CanAgro Export Inc компаниясы шығарған Valley маркалы 20 машинасы жұмыс істеуде.
Канадалық компания Павлодарда, «Кеңес Агро» ШҚ-ның базасында өзінің техникасын құрастыруға дайын.