Павлодар облысының әкімі «Нұр Отан» кеңсесінде жеке мәселелер бойынша қабылдау өткізді

bsp; Қазанның  31-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан  Сағынтаев   «Нұр Отан»   партиясының  облыстық филиалының кеңсесінде    азаматтарды  қабылдады, 
None
None

деп  хабарлады  аймақ әкімінің баспасөз қызметінен. 

Лебяжі ауданының Ямышево  ауылынан әкіммен кездесуге      Қайыржамал   Машабаева келді.     Ол  кісі    Ұлы  Отан  соғысына  қатысушының жесірі  ретінде  бірреттік жәрдемақы  ала алмай  отырғанын  айтып келді. Бюрократиялық   кідірістердің салдарынан     Қайыржамал  апа   заң бойынша   тиесілі    ақшаны 2006     жылдан  бері    ала алмай келеді екен.  Б.Сағынтаев халықты     әлеуметтік қорғау  басқармасына     істің  мән-жайын  анықтауды  және   барлық   берешекті  төлеуді  тапсырды.

Әкімнен көмек сұрап келгендердің  қатарында  облыс   орталығының  тұрғыны Бақыт  Байғожинова  да бар.  Ол    Лесозавод  ықшамауданындағы   тұрғын үйін   жылумен   қамтамасыз  етуге      техникалық   шарт қағаздарын  ала  алмай   жүр екен.   Бұл  ол  ауданда  тұратын   бір ғана адамның  проблемасы  емес  екенін  атап көрсеткен  Б.Сағынтаев, Павлодар қаласының әкіміне  және энергетика  басқармасының бастығына  мәселені  жан-жақты   зерттеп,   оны шешуді  тапсырды.

Ал «Көктем»   кәсіпорнының  жұмысшыларынан  атынан     әкімнің алдына келген   Ертіс  ауылының екі  тұрғыны  жалақының  кешіктірілу   проблемасы  орын  алып отырғанын  айтты. Бақытжан Сағынтаев,  әкімдікке Ертіс ауданының  әкімі мен  «Көктем» кәсіпорнының басшылығы   жедел шақырылып,    берешектерді  өтеу    схемасы  жасалатынын  айтты.

Әкімнің қабылдауында болған барлық  азаматтардың    шағым-арыздары   қаралып, олардың бірқатарлары   бойынша  жедел шешімдер  қабылданды.

Соңғы жаңалықтар