Павлодар облысының әкімі «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында кездесу өткізді

АВЛОДАР. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында қабылдау өткізді,
None
None

деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Соғыс ардагері Петр Кульчановский әкімнің алдына тұрғын үй проблемасымен келді. Қария салынып жатқан ардагерлерін үйінен ұсынылып отырған пәтерден бaс тартып, жекеменшік үйіне жылу тартып беруді өтінді. Аймақ басшысы қала өкіметіне жағдаймен барып танысып, үйді жылу желісіне қосу үшін не істеуге болатынын зерттеуді тапсырды.

Павлодар тұрғыны Кенжетай Жанұзақова да жылу желісіне қосу мәселесін көтерді. Ол кісі ауданы 80 шаршыметр үйін жылуға қоса алмай отырғанын, монополистердің ол үшін 1 миллионнан астам теңге талап етіп отырғанын айтты. Облыс әкімі энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына проблемамен айналысуды тапсырды.

Ал баянауылдық кәсіпкер Баян Солтаналина «Павлодар-Баянауыл» автобус бағдарында жүргізілген конкурстың заңбұзушылықтармен жүргізілгенін айтып, шағымданды. Бақытжан Сағынтаев нұротандықтар тобына тендер нәтижесінің заңдылығын тексеруді тапсырды.

Кәрібаев атындағы балалар спорт мектебінде басшылық пен жаттықтырушылар құрамының арасында кикілжіңнің орын алуынан, балалар толыққанды жаттыға алмай отыр. «Мәселе шешімін табады - ересектердің арасындағы дау-дамай балаларға әсерін тигізбеуі керек», деп мәлім етті Б.Сағынтаев өз сөзінде.

Соңғы жаңалықтар