09:23, 06 Қаңтар 2012 | GMT +5
Павлодар облысының әкімі тыл және соғыс ардагерлерімен болған кездесуде өткен жылдың қорытындысы жайлы әңгімеледі
ПАВЛОДАР. 6 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Қалыптасқан дәстүр бойынша жылдың басында Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаев соғыс және тыл ардагерлерімен кездесті.
Ол өткен жылдың әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысын айта келе, осы жылға негізделген жоспарларды тілге тиек етті. Индустрияландыру, еңбек өндірісін арттыру және жаңа технологияларды енгізу сияқты мәселелер басты назарда болып отыр. Ең маңызды сұрақтардың бірі болып халықты өніммен қамтамасыз ету және бағаның тұрақтандырылуы көтерілді.
Өңір тұрғындарының әлеуметтік бөлігі мен ақсақалдар облыста болып жатқан оқиғалардан хабардар, бәріне назар аударып, қоғамдық істермен айналысып жүр.
Ардагерлерді облыс саласындағы мәдениет үйлерін қалыпқа келтіру, экологиялық мәселелердің шешімін табу, соғыс ардагерлеріне салынған әлеуметтік дүкендердің жұмысы сияқты мәселелер қызықтырды. Және осы сұрақтарға жауап алды.