10:07, 06 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Павлодар облысының Ақсу қаласында денсаулық фестивалі өтеді
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 6-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Дұрыс тамақтан. Спортпен өмір сүр. Денсаулығыңды сақта» атты ұранмен өтетін денсаулық фестивалі осы аптаның соңында Павлодар облысы, Ақсу қаласында өтетін болады, деп хабарлады дене шынықтыру мен спорт бөлімінде.
Оған оқушылар, жұмыс істейтін жастар, еңбек ұйымдарының ұжымдары мен қаланың ауылдық аймақтарының тұрғындары қатысады. Қалалық жағалауда дәрігерлер қала халқы үшін кеңес беретін медициналық қалашық ашылады.
Жастардың үкіметтік емес ұйымдары ең үздік би конкурсын ұйымдастырады. Қала мен ауылдық аймақтардағы білім беру мекемелерінде «Есірткі мен ішімдіксіз салауатты өмір салты» тақырыбында сабақ өтеді.
Жағалаудағы «Достық» стадионында, қала мен ауылдың спорт алаңдарында спорттың әр түрі бойынша жарыстар өтеді.