Павлодар облысының аумағындағы табиғи өрт ошақтары ауыздықталды - В.Божко

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 9-ы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - «Павлодар облысының аумағындағы табиғи өрт ошақтары ауыздықталды, қазақстандық өрт сөндірушілер қазір іргелес ресейлік жақтағы өртті сөндіруге көмектесуде». Бұл туралы Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко табиғи өрт аумағынан Павлодарға оралғаннан кейін БАҚ өкілдеріне берген баспасөз мәслихатында мәлім етті.
None
None

Министр бүгін Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевпен бірге оқиға орнында болып қайтты.

«Өрт ошағы жайылған аумақты аралап ұшып жүрген кезде бізге Елбасы қоңырау шалды. Ол кісі бізге бүкіл шекара бойында Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің күштерімен бірлесіп жедел әрекет ету туралы тапсырма берді. Елбасы сондай-ақ, қаза болғандардың отбасыларына көңіл айтты және халықтың басына түсіп отырған барлық проблеманы шешу туралы пәрмен берді. Оқиға орнында облыс әкімі жем-шөппен және қырылған малдың өтемақысымен байланысты мәселелерді шешіп тастады»,- деді В.Божко өз сөзінде.

Министр сондай-ақ, Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің күштері жедел және ұйымдасқан түрде әрекет еткенін, тілсіз жаудың, елді-мекендерде жеткізілмей, желкесі қиылғанын айтты.

Соңғы жаңалықтар