08:41, 16 Тамыз 2010 | GMT +5
Павлодар облысының ауылдары сандық теледидарға қосылатын болады
ПАВЛОДАР. Тамыздың 16-сы. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар тұрғындары биыл Интернет-теледидар қызметіне қосылды, деп хабарлады облыстық «Қазақтелеком» филиалында.

Көрсетілімнің сапалығымен ерекшеленетін ID TV қосылуы сандық байланыстың дамуының арқасында жүзеге асып отыр.
Келесі жылдан бастап Успенка, Тереңкөл, Шарбақты, Аққу және Көктөбе аудан орталықтары сандық теледидарларға қосылатын болады.