Павлодар облысының ауылдарында «Балапан» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Павлодар ауданында «Балапан» бағдарламасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Былтырғы жылы балабақшаға ауыл балаларының тек 28 пайызы ғана барса, бүгінде мектепалды даярлық мекемелеріндегі балаларға арналған орын 73 пайызды құрайды,
None
None

деп хабарлайды Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жуырда Григорьевка ауылының мектебінде бүлдіршіндерге арналған шағын орталық ашылды, бұл орталық аудандағы осындай он сегізінші мекеме болды. Орталық ішінде барлық қажетті құралдармен жабдықталған үш бөлме бар. Жаңа балалар орталығында екі топ жұмыс істейді, балалар мемлекеттік тіл мен орыс тілінде білім алады.

Осындай топтар Чернорецк және Жертұмсық ауылдарында да ашылатын болады. Аудан бойынша шағын орталықтарға 900-ге жуық бала барады.

Жыл соңына дейін Набережное және Новоямышево ауылдарында балабақшалар іске қосылмақ.

Соңғы жаңалықтар