07:41, 19 Наурыз 2013 | GMT +5
Павлодар облысының ауылында «Қазақстан Барысының» іріктеу турнирі өтті
АСТАНА. 19 наурыз. ҚазАқпарат - 16 наурыз күні Павлодар облысы Павлодар ауданы Красноармейка ауылында «Қазақстан Барысының» іріктеу турнирінің екінші кезеңі аяқталды.

Бұл туралы «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қорының баспасөз қызметінен хабарлады.
Красноармейка аграрлық-техникалық колледжінде өткен жарыстың жеңімпаздары 64 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Аян Бәденов, 74 келіге дейін Жаскен Олжабай, 74 келіден астам салмақта Кенжебек Уақпаев болды.
Барлық жеңімпаздар Красноармейка ауылдық округінің өкілдері болып табылады.