Павлодар облысының әйелдері жайлы статистика тілімен

ПАВЛОДАР. 2 наурыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысының барлық халқының 53 пайызы немесе 395,4 мыңы әйелдер, деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметінен.
None
None

Нәзік жандылардың басым дені немесе 47 пайызы Павлодар қаласында, ең аз саны немесе 15 пайызы Май ауданында тұрады.

2011 жылы дүниеге келген 12 744 адамның 6 209-ы қыздар, бұл 2010 жылмен салыстарғанда 1,8 пайызға көп.

«Облыстық статистикалық бизнес-тіркелімде» 12 294  заңды тұлға тіркелген, оларда басшылық қызметте 3 226 әйелі жұмыс істейді.  

Өткен жылы білім саласында 31,6 мың әйел (жұмыспен қамтылғандардың 32 пайызы) жұмыс істеді, әйелдердің ең аз саны немесе 0,3 мыңы (0,3 пайыз) қызмет көрсету саласында жұмыс істейді.

Ең жоғары еңбекақы - 97,8 мың теңгені қаржы және сақтандыру салаларында жұмыс істейтін әйелдер алса, ең төменгі - 36, 4 мың теңге жалақыны тұрғын үй және тамақтану салаларында қызмет көрсететін әйелдер қанағат тұтуда.

Соңғы жаңалықтар