10:52, 03 Мамыр 2013 | GMT +5
Павлодар облысының аймақтық инновациялық жүйесінің жоспары әзірленуде
ПАВЛОДАР. 3 мамыр. ҚазАқпарат - Облыс әкімдігінде өткен кеңесте өңірде аймақтық инновациялық жүйені (АИЖ) құру мәселесі қаузалды.

Жиынға аймақ басшысы Ерлан Арын және «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-ның басқарма төрағасы Айдын Құлсейітов қатысты. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
А. Құлсейітовтің айтуынша, Павлодар облысы мұндай құжат әзірленіп жатқан алғашқы өңір. Таңдаудың бұл аймаққа түсуі оның инновацияны ендіру бойынша елдегі көшбасшылық позициясы негіз болды.
«Жалпы облыста инновациялық жүйенің негізі қалыптасқан, - деді Е.Арын. - АИЖ-ны құру жоспарының жобасы әзірленіп, бұл бағытта ғылыми-техникалық кеңес іске кірісті. 2014 жылға дейін Павлодар облысында инновацияны ендірудің ведомстволық жоспары және аймақтық даму стратегиясы бекітіліп отыр. Енді инжиринг орталығын және құрастыру бюросын құру міндеті тұр».