07:41, 31 Наурыз 2010 | GMT +5
Павлодар облысының Баянауыл ауданына жаңа әкім тағайындалды
ПАВЛОДАР. Наурыздың 31-і ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен, аудандық мәслихат депутаттарының келісімімен, Ернұр Айткенов Баянауыл ауданының әкімі болып тағайындалды.
Е.Н.Айткенов 1965 жылы Павлодар облысының Май ауданында туған. Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын зооинженер мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары зоотехник, аудандық агроөнеркәсіптік кешеннің жетекші зоотехнигі, ұжымлық ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры, шаруа қожалығының атқарушы директоры, аудандық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары, мал тұқымын асылдандыру орталығының директоры болған.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін ол Май ауданының әкімі болып жұмыс істеп келген.