Павлодар облысының бесжылдық әлеуметтік-экономикалық даму бағдарламасы қаралды
деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының болжамы бойынша, 2011-2015 жылдары өнеркәсіптік өндірістің жылдық орташа өсімі 4 пайыз деңгейінде күтілуде. 2015 жылға қарай 11 700-ден астам жаңа жұмыс орнын құру жоспарлануда. Ал өндіріс көлемінің күтіліп отырған өсімі мен сәйкесінше, бюджет кірісі де, әлеуметтік салаға айтулы әсер ететін болады деп пайымдалуда.
Облыс әкімі өз сөзінде, жұмысшылардың жалақыларының көтерілуі өндіріс көлемінің өсуі мен еңбек өнімділігінен кейін қалмауы керек екенін баса атап көрсетті.
Мәжілісте сондай-ақ, облыстық экологиялық бағдарламаның орындалуы мен ірі кәсіпорындардың қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шаралары қаралды.