Павлодар облысының білім беру жүйесі 2010 жыл бойынша республикада ең үздік деп танылды

ПАВЛОДАР. 12 қаңтар. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысының білім беру жүйесі қызметінің нәтижелері 2010 жыл бойынша республикада ең үздік деп танылды,
None
None

деп хабарлады білім беру басқармасында.

Білім беру сапасын бағалау ұлттық орталығының мәліметтері бойынша, облыс рейтингтегі бірінші орынға ие болды.

Білім беру жүйесі қызметінің нәтижесі жыл сайын төрт индикатор бойынша бағаланады, олардың арасында білім беруге жол ашықтық, қаржылық, материалдық-техникалық жағдайлар, кадрлық ресурстар және қызмет нәтижелері бар.

2008 жылдан бастап республикадағы білім сапасының аймақтар бойынша жағдайы Ұлттық баяндамада жарияланады. Бұл білім беруді дамытудың аймақаралық және халықаралық деңгейлеріндегі кешендік талдауы болып табылады.

Өткен екі жыл қорытындысы бойынша Павлодар облысы Астанадан кейін екінші орында тұрды.

Білім беру басқармасының сайтында 2009, 2010 жылдар қорытындыларының электрондық нұсқалары ұсынылды, 2011 жыл қорытындысы бойынша баяндаманы әзірлеу жұмысы аяқталып жатыр.

Соңғы жаңалықтар