Павлодар облысының биылғы педагог-түлектеріне 772 жұмыс орны ұсынылды

ПАВЛОДАР. 17 сәуір. ҚазАқпарат - Павлодар облысының жоғары оқу орындары мен колледждерінде педагогикалық мамандықтардың түлектерін үлестіру жүргізілді.
None
None

Еңбек жолын жаңа бастайтын жас мамандарға 20 кәсіп бойынша 600-ден астам жұмыс орны ұсынылды. Бүгінде білім ошақтарында 772 ұстаз тапшы болса, оның 66 пайызы ауылдық мектептердің еншісіне тиесілі. Бүгінде мектепке дейінгі білім беру мекемелеріне - 108, ағылшын тілі бойынша - 96, бастапқы оқытудың педагогикасы пен әдістемесі бойынша 79 маман қажет. Ұсынылған жұмыс орындарының дені қазақ тілді білім ошақтары мен балабақшаларды құрайды.

Алдымен облыс әкімі мен аудан басшыларының тегін жолдамасымен білім алған мамандардың тағдыры шешілді. Олар жоғары оқу орнын тәмамдаған соң, ауылдық жерлерде кемінде 3 жыл тер төгулері тиіс.

Соңғы жаңалықтар