10:10, 05 Қазан 2010 | GMT +5
Павлодар облысының денсаулық сақтау мекемелері екінші тоқсанда 5,3 млрд. теңгенің қызметін көрсетті
ПАВЛОДАР. Қазанның 5-і. ҚазАқпарат /Николай Кузнецов/ - Биылғы жылдың екінші тоқсанында Павлодар облысының халқына 192 денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде 55 аурухана мен 30 медициналық мекеме медициналық қызмет көрсетті, деп хабарлайды статистика департаментінің баспасөз қызметі.
Олар 5,3 млрд. теңгенің қызметін көрсеткен. Бұл қаржының 87,8 пайызы мемлекеттік бюджеттен, 8,8 пайызы халықтан түскен қаражаттан, 3,4 пайызы кәсіпкерлер есебінен алынған.
Ауруханалық мекемелер 3,2 млрд. теңгенің қызметін көрсетсе, дәрігерлік тәжірибемен айналысып жүрген ұйымдар 1,3 млрд. теңге пайда түсірген.