Павлодар облысының экспресс-курстарында 495 адам оқытылды

ПАВЛОДАР. 8 тамыз. ҚазАқпарат - Павлодар облысында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасының бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлады «Даму» АҚ-ның аймақтық қорынан.
None
None

Екі күнге созылған экспресс-курстарда болашақ кәсіпкерлерді кәсіпкерлік психологиясына, маркетинг, бизнес-жоспарларды құруды үйретіп, республикада бизнесті қадағалайтын салық жүйесімен және заңнамамен таныстырды.

Оқуларға 495 адам қатысты, олардың 284-і әйелдер.

«Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын іске асырудың басталып кеткен екінші кезеңінің барысында кеңесшілер мен лекторлар жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерді сыртқы экономикалық қызметтің негіздерімен, франчайзинг және мемлекеттік сатып алулар саласындағы қазіргі ережелермен таныстыруда.

Соңғы жаңалықтар