Павлодар облысының Еуроодақ елдерімен тауар айналымы 257 миллион долларды құрады
деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
Тауар айналымының жартысынан астамы Германияның үлесіне тиесілі - ол елге ферроқорытпалар, алюминий, мыс және қара металл қалдықтары экспортталған. Ал Германиядан облысқа 123 миллион доллардың тауарлары: өнеркәсіптік жабдықтар, көлік құралдары, электр аппаратуралары, дәрі-дәрмектер және кітаптар жеткізілген.
Италиямен арадағы тауар айналымы 43 миллион долларды құрады - ол елден өнеркәсіптік және зертханалық жабдықтар, металдан және пластмассадан жасалған бұйымдар әкелінсе, ал Павлодар өңірінен Италияға ірі қара мал терілері жеткізілді.
Польшаға былтыр мыс қоспалары мен тас көмір экспортталса, облысқа 21 миллион доллар соманың химиялық өнеркәсіп өнімдері, тоңазытқыш жабдықтары, косметика өнімдері әкелінді.
Ал Франция, Ұлыбритания және Испания елдерімен арадағы сауда-саттық әзірге тек импортпен шектеліп отыр.