Павлодар облысының халқын көбінесе орыстар пен қазақтар құрап отыр

ПАВЛОДАР. 4 қаңтар. ҚазАқпарат  /Вера Ливинцова/ - Павлодар облысында 2011 жылы халықтың саны 746, 2 мың адамды құрады,
None
None

деп хабарлады статистика департаментінің баспасөз қызметі.

 Аймақ тұрғындарының көп бөлігін, атап айтсақ 48,4 пайызды қазақ ұлты құрады, ал орыс ұлты 38,2 пайыз көрсеткішті көрсетті. Өзге де ұлт өкілдерінің халқы 13, 4 пайызды құрап отыр.

 318 мыңнан астам қазақ Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында, сондай-ақ Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс, Лебяжі мен Майский сияқты аудандарда тұрады. Сонымен бірге 235, 5 мың орыс ұлты Павлодар, Ақсу, Железинский, Қашыр және Шарбақты аудандарында қоныстанған.

 Облыс орталығында 43, 1 пайыз украиндықтар тұрады, олардың 16, 8 пайызы Екібастұзда, 8 пайызы Ақсу қаласында тіршілік кешсе, ал 7, 4 пайызы Успен ауданының тұрғындары.

Сондай-ақ Павлодарда татар ұлты диаспорасының 50 пайызы және беларусь диаспорасының 43 пайызы тұрады.

Соңғы жаңалықтар