Павлодар облысының ІІД-де есептен жасырылған қылмыс пен тіркелмеген алты өтініш анықталды

ПАВЛОДАР. 23 қазан. ҚазАқпарат - Өзіндік қауіпсіздік басқармасы 9 айдың ішінде полиция құрылымында есептік-тіркеу тәртібінің 10 бұзушылығын анықтады, деп хабарланды Павлодар облысы ІІД-нің баспасөз қызметінен.
None
None

Олардың қатарында есептен жасырылған бір қылмыс, тіркелмеген алты өтініш пен хабарлама бар.
Жүргізілген тексерудің нәтижесі бойынша екі қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды, бір полиция қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қозғалды.

ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Павлодар облысының ішкі істер органдарында есептік-тіркеу тәртібін нығайту бойынша іс-шаралар қабылдап, жасырылған қылмыстарды анықтауда.

Соңғы жаңалықтар
Референдум