Павлодар облысының Ішкі істер департаменті соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін Жеңіс күнімен құттықтады

ПАВЛОДАР. 6 мамыр. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Жеңіс күні қарсаңында Павлодар облысының Ішкі істер департаментінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді,
None
None

деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Ардагерлерді осынау ұлы мерекемен құттықтаған департамент бастығы Арман Оразәлиев: «Сіздердің ерліктеріңіздің арқасында кейінгі ұрпақ азаттыққа және ашық аспан астында бейбіт өмір сүру мүмкіндігіне ие болды. Ерліктеріңіз, қайсарлықтарыңыз және ерен еңбектеріңіз ұрпақтарыңыздың жадында мәңгі сақталады», деп атап көрсетті.

Жас әріптестерін патриотизмге тәрбиелеп, кәсіби шеберлікке баулығандары үшін екі ардагер «Ішкі істер министрлігінің құрметті ардагері» төсбелгілерімен марапатталды, барлық майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Құрметті қонақтарға арнап мерекелік концерт және қонақасы берілді.

Соңғы жаңалықтар