09:05, 24 Ақпан 2010 | GMT +5
Павлодар облысының қалаларында қылмыстар туралы азаматтардың хабарларын электрондық есепке алу жобасы енгізілуде
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Вера Ливинцова/ - Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Павлодар облысы бойынша басқармасында қалалық ішкі істер органдарында азаматтардың арыздары мен хабарларын электрондық тіркеу жобасының алғашқы қорытындысы шығарылды.
Ақпанның алғашқы екі аптасында жүргізілген бақылауды күшейту шарасы Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында қаралған арыз-шағымдардың 67 пайызға өсуіне әкеліп отыр. Қозғалған қылмыстық істердің саны да 41 пайызға өскен.
«Аталмыш ілкі жоба қалалардағы криминалдық жағдайды толық көрсету, қылмыстар мен заңбұзушылықтарды жасыру, сөзбұйдаға салу, өз жұмыстарының тек жақсы жақтарын көрсету мақсатында кейбір полиция қызметкерлерінің негізсіз шешім қабылдауы сияқты теріс құбылыстардың бәрін ашу мақсатында қолға алынған болатын», дейді басқарма бастығы Қайыр Саттыбаев.